- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында төрт...
Түркістан облысында төрт балабақшада қызметкерлер балаларды сабаған
Түркістан облысындағы балабақшаларға тексеріс жүргізіліп жатыр. Келес ауданының прокурорлары мектепке дейінгі мекемелердегі бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, қылмыстық іс қозғауға негіз болған заң бұзушылықтарды бірден анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "24KZ"-ке сілтеме жасап.
Бейнежазбадан төрт балабақшада қызметкерлер балаларды сабағаны белгілі болды. Мысалы, мектепке дейінгі мекемелердің бірінде қызметкер балаларды швабрамен ұрған. Енді ол 3 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сонымен қатар, прокуратура қызметкерлері балалардың қалай тамақтанатынын тексереді. Мамандардың айтуынша, қадағалау нақты жағдайды бағалауға мүмкіндік береді.
"Біз мектепке дейінгі мекемелерде балалардың құқықтарын сақтау үшін барлық шараны қолданып жатырмыз. Қазіргі таңда 97 балабақшаның тек алтауында тексеру жүргізіліп, 20 күнде үш маман тобы құрылды", - деді Келес ауданының прокуроры Нұрлан Ешенқұлов.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан