Түркістан облысында тон мен алтын бұйымдарды ұрлаған адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Сарыағаш ауданының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікке ілінген жас қызды анықтады. Белгілі болғандай күдікті досының үйіне кіріп, жатын бөлмесінен тон мен алтын бұйымдарды жымқырып кеткен. Келтірілген шығын көлемі шамамен 3 миллион теңге.
Ол ұрланған мүлікті ломбардқа тапсырып, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Сондай-ақ полицейлер күдіктінің тағы бір ұрлыққа қатысы бар екенін анықтады. Айғақты заттар заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!