- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында толассыз...
Түркістан облысында толассыз жауған жаңбырдан бірнеше аудандағы аулаларды су басып қалды
Фото:
видеодан алынған кадр
Түркістан облысында жауын-шашынның мол түсуі салдарынан Сайрам, Мақтаарл, Жетісай, Сарыағаш аудандарындағы сегіз жеке тұрғын үйдің ауласы су астында қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ.
ТЖД және ЖАО күштерінен шамамен 25 адам 10-ға жуық мотопомпамен аула учаскелерінде жаңбыр суын айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан