- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында төбелес...
Түркістан облысында төбелес кезінде бір адам үш жігітті пышақтаған
Фото:
Tengrinews.kz
Түркістан облысы Жетісай қаласында жанжал кезінде үш адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 22 ақпан күні түнгі уақытта болған. Әлеуметтік желіде өзін жәбірленушілердің бірінің әкесімін деп таныстырған ер адам жарақат алған үш жігіт сол түні "Алмас" дүкенінен шығып, бір топ адаммен ерегісіп, соққының астында қалғанын атап өтті. Олар көп қан жоғалтқан. Жәбірленшілер ауруханаға жеткізіліп, әрқайсысына 3-4 сағат аралығында операция жасалыныпты.
Түркістан облыстық полиция департаменті бұл оқиға бойынша бір күдікті ұсталғанын хабарлады. Тиісті сараптамалар тағайындалған.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан