Түркістан облысында тағы да қымбат көліктердің кортежі анықталды

Түркістан облысында жол ережесін бұзған кортеж анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлердің назарына Түркістан облысы Сайрам ауданында жол қозғалысы ережеcін бұзған бірнеше қымбат көлік іліккен. Тексеріс нәтижесінде полицейлер Toyota, Lexus және Daewoo Nexia секілді төрт көліктің жүргізушілерін анықтады.

"Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көліктер айыптұраққа қойылды", - деді ІІМ өкілі.

Еске салайық, бұған дейін тойына бірнеше "Гелендваген" жалдаған қазақстандықтың басы дауға қалды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!