- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында тағы...
Түркістан облысында тағы да жаппай төбелес болды
Фото:
видеодан алынған кадр
Түркістан облысында бірнеше ер адамның арасында төбелес шыққан. Олар бір-бірін тек жұдырықпен емес, жуан таяқпен ұрған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Видео авторының айтуынша, төбелес Атакент ауылындағы көшелердің бірінде болған.
Түркістан облысының полиция департаменті төбелеске қатысқандардың бәрі ұсталғанын хабарлады.
"Түркістан облысының полицейлері Мақтаарал ауданындағы ауылдардың бірінде бір топ жастың бұзақылық әрекетінің жолын кесті. Күдіктілер қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жай анықталып жатыр", - деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан