- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында суға...
Түркістан облысында суға батып кеткен жасөспірім өлі табылды
Фото:
Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті
Түркістан облысында құтқарушылар суға батқан жасөспірімнің денесін тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
17 жастағы жасөспірім Төлеби ауданы Оңтүстік ауылындағы Балдыберек өзеніне шомылып жүргенде қаза тапты.
Іздестіру жұмыстарына тартылған облыстық құтқарушылар судан жасөспірімнің денесін тапты.
Алдын ала болжам бойынша, қайғылы оқиға суға түсу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтамағаннан болған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан