Түркістан облысында суға батып кеткен ағайынды екі жігіт өлі табылды

Түркістан облысында суға батып кеткен ағайынды екі жігіт өлі табылды
Фото: otyrar.kz

Түркістан облысында ағайынды екі жігіт Сырдария өзеніне батып кетті. 22 және 28 жастағы марқұмдардың сүйегі екі тәуліктен кейін табылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 22 тамызда болған. Басылым мәліметінше, ағайынды жігіттер өзеннің ұйығына түсіп қалған болуы мүмкін.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәліметіне сүйенсек, оқиға Сауран ауданы Үшқайық ауылдық округі аумағындағы Сырдария өзенінде болған. Олар суға түсуге тыйым салынған жерде шомылған.

"Оқиға туралы хабар түскеннен кейін Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Іздеу жұмыстарына Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері, полиция, жедел жәрдем мамандары, жергілікті тұрғындар, марқұмның туыстары жұмылдырылды. Жалпы 90-ға жуық адам, арнайы техника, жүзу құралдары және дрон тартылды", - деді ТЖД өкілі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget