- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында су...
Түркістан облысында су таратушы мекеме ауыл тұрғындарынан 8 миллион теңгені артық алған
Түркістан облысында су таратушы мекеме ауыл тұрғындарынан 8 миллион теңгені артық алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Мамандардың сөзінше, коммуналдық қызмет көрсететін компания тариф құнын өз бетінше көтеріп жіберіпті. Бұл заңсыздық 2 жылға жуық уақытқа жалғасып келген. Сонымен қатар жергілікті мекеме 14 елді мекенде де тариф бағасын шектен асырып, тұрғындарға 8 миллион теңгеден астам шығын келтірген екен. Сондықтан қадағалаушы орган оларға 5 миллион теңгеге жуық айыппұл салды.
"Тариф мөлшерін өз бетінше асыра белгілеу салдарынан 2022-2023 жылдары 14 елді мекеннің 24 025 абоненті жалпы 8 708 289 теңге қаражатты негізсіз артық төлеген. Осылайша, кәсіпорын 24 076 тұтынушының құқығын бұзған. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 164-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4,7 миллион теңге айыппұл салынды, еуі лауазымды адам тәртіптік жазаға тартылды. Тұтынушыларға келтірілген залал уақытша өтемдік тарифін енгізу арқылы өтеледі", - деді Сарыағаш ауданы прокурорының орынбасары Асылбек Түршеков.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан