Түркістан облысында су арнасына батып кеткен қыз қалай іздестіріліп жатыр?
Түркістан облысының құтқарушылары су арнасына абайсызда құлап кеткен 5-сынып оқушысы Інжу Ескерместі қалай іздестіріп жатқанын көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2023 жылғы 25 наурызда шамамен сағат 17:00-де кәмелет жасына толмаған қыз бала үйінен ойнауға шығып кетіп, оралмаған.
Кейін оның аулада ойнағаны, одан соң жол бойымен белгісіз бағытта кетіп бара жатқаны анықталды.
Інжумен бірге ойнаған көрші қыз екеуінің бірге су ағып жатқан каналға барғанын, ол сумен ойнағысы келіп, абайсызда каналға құлап кетіп, шыға алмай қалғанын айтқан.
Қазір құтқарушылар осы бағыт бойынша іздеу жұмыстарына кірісті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Іздестіру құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 40 жеке құрам, жедел құтқару жасағынан 5 сүңгуір 1 жүзу қайығы, полиция департаментінен 50 адам, жергілікті атқарушы органнан 8 адам, еріктілерден 50 адам жұмылдырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан