- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында сотталғандар...
Түркістан облысында сотталғандар түрмеде қылмыстық топ құрған
Түркістан облысында сотталғандар түрмеде қылмыстық топ құрған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Отырар" сайтына сілтеме жасап.
Іс материалдары бойынша, екі рецидивист тағы екі адамды - бұрын сотталған адам мен түзеу мекемесінің күзетшісін қосып алған. Күзетші түрмеге кептірілген марихуана кіргізіп беруі керек болған. Ол үшін күзетші 30 мың теңге алған. Бірақ қылмыстық топ әшкере болып, бәрі сот алдында жауап берді.
"Айыпталушылардың бұған дейін сотталғаны ескеріліп, олардың әрекеті қылмыстың қайталануы ретінде қаралды. Айыпталушылардың бірі 18 жылға, екіншісі 16 жыл 11 айға, үшіншісі 12 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды", - деді Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қасым Қалмағамбетов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина