Түркістан облысында синтетикалық есірткіні жасырын зертханада өндіргендер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
11 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен Түркістан облысында синтетикалық есірткі өндірісі бойынша жасырын зертханасының қызметін тоқтатты.
Екі жергілікті тұрғын есірткі құралдарының кезекті партиясын дайындау кезінде ұсталды.
60 кг-нан астам психотроптық зат және 2,5 тонна прекурсорлар, сондай-ақ "синтетика" дайындауға арналған жабдықтар алынды.
Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр (көрсетілген қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған).
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!