Түркістан облысында шетелдіктерге заңсыз құжат жасауға көмектескендер ұсталды

Түркістан облысында шетелдіктерге заңсыз құжат жасауға көмектескендер ұсталды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы шетелдіктерге мемлекеттік шекараны кесіп өтіп, құжаттарды қолдан жасау арқылы көмек көрсеткен адамдар тобын ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түркістан облысы мен Шымкент қаласының бес тұрғыны күдікті болып шықты, олардың екеуі бұрын сотталған. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ көрші мемлекеттің 10 азаматына шекарадан өтуге көмектескен Сарыағаш ауданының екі тұрғыны анықталды. Ұсталған шетелдіктер көші-қон заңын өрескел бұзған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан