Түркістан облысында шетелдіктер интим қызмет көрсеткен

Түркістан облысында шетелдіктер интим қызмет көрсеткен
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Түркістан облысы Сайрам ауданында притон анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Тексеріс барысында өзбекстандық 7 қыз интим қызмет көрсеткені белгілі болды. Бүгінде заңсыз нысанның жұмысы әшкереленіп, соталды тергеу басталған.

Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 309-бабының 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру басталған.

"Ұйымдастырушылар ұсталды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, былтыр Түркістан облысында 11 притонның жұмысы тоқтатылды. Тексеріс кезінде бұл орындарда 35 адам интим қызмет көрсетіп келгені әшкере болған. Оның 13-і - өзбекстандықтар.

Ал "жеңгетайлар" ретінде Қазақстанның 12 азаматы ұсталған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова