Түркістан облысы Адами әлеуетті даму басқармасының бес лауазымды тұлғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар пара алды деген күдікке ілінген. Бұл туралы облыстық сот мәлім етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Отырар" сайтына сілтеме жасап.
Түркістан облысының Адами әлеуетті даму басқармасының басшысы, оның орынбасарлары, сондай-ақ басқарма басшысы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді. Сот санкциясымен олардың үйлері, кеңселері мен көліктеріне тінту жүргізілген. Түркістан облысының соты тергеу құпиясына сілтеме жасап, істің мән-жайын нақтыламады. Қылмыстық істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті жүргізіп жатыр.
"Тінту М., Н., Б.-ның. пәтерлеріне жүргізілді, пәтерлер Түркістанда орналасқан. Сондай-ақ, тінту Түркістан облысының әкімдігінде орналасқан қызметтік кеңселерде жүргізілді. Сонымен қатар, тексеру Н.-ның Nissan Almera маркалы қызметтік көлігінде, Б.-ның Toyota Camry маркалы қызметтік көлігінде жүргізілді", - деді Түркістан облысы сотының баспасөз хатшысы Әсет Серікбаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!