Түркістан облысында телефонның қаптағышына гашиш есірткісін жасырып, шекарадан өтпек болған шетелдік ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Келес аудандық полиция бөліміне ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара бақылау қызметінен Өзбекстан Республикасының азаматы есірткі алып өтуі мүмкін деген хабарлама келіп түсті.
Полиция қызметкерлері жедел түрде оқиға орнына шығып, күдік тудырған шетелдік азаматты анықтады. Тексеру барысында телефонының қаптағышынан есірткі заты анықталды.
Ер азамат Өзбекстан Республикасынан Қазақстанға өз көлігімен өтпекші болған. Алынған затқа сараптама тағайындалып, қорытындысы бойынша гашиш есірткісі болып шықты. Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауда. Шетел азаматына қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!