- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында шала...
Түркістан облысында шала туған үшем үйіне шығарылды
Түркістан облысының Бәйдібек ауданында алғаш рет үшем дүниеге келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түркістан денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Бәйдібек ауданының тұрғыны үш ұл босанды. Жаңа туған нәрестелерге Арслан, Әлихан, Асылхан есімдері берілді.
Нәрестелердің салмағы 1 290, 1 230 және 1 115 грамм болды.
Мерзімінен ерте дүниеге келген үшем перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Медицина қызметкерлері ана мен балаларына көмек көрсетіп, тиісті шараларды қабылдады. Балалардың жағдайы тұрақты.
Үшем босанған әйел бұған дейін екі перзентті дүниеге әкелген. Енді көпбалалы отбасына айналып отыр.
Перинаталдық орталық пен Бәйдібек аудандық орталық аурухананың медицина қызметкерлері анасы мен нәрестелерге мықты денсаулық тілеп, үйіне шығарып салды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан