Түркістан облысында іш киіміне есірткі жасырған шетелдік ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Басылым мәліметінше, Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Жібек жолы шекара бекетінде есірткі контрабандасы бойынша күдікті туралы хабарлама келіп түсті. Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына өтіп бара жатқан орта жастағы ер-азаматқа Капелла атты қызметтік ит белгі берген. Содан шекарашылар бірден жедел тергеу тобын шақырады.
Сарыағаштық тәжірибелі полицейлерден құралған жедел уәкілдер ер адамның Ресей Федерациясының азаматы екенін анықтады.
Оқиға орнына келген полицейлер күдіктіні тінту кезінде іш киімінің ішінен есірткі секілді затты тәркілеп алды. Алынған зат сараптамаға жолданды. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген заттың гашиш екені расталған.
Бұл дерек ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша тіркелді. Қазіргі таңда шетел азаматына қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бүгінде күдікті қамауда отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!