Түркістан облысында ерекше той болды. Жастар үйлену тойын Әнұранмен ашқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеоны Facebook желісіне Ақмарал Молдиярқызы атты қолданушы парақшасына жүктеген.
"Әнұранмен ашылған алғашқы той. Республика күнін Мемлекет басшысы айтқандай, ұлттық мерекеге айналдырған той өтіп жатыр біздің өңірде!", - дейді ол.
Ақмарал Молдиярқызының сөзінше, бұл Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасы "Қоғамдық келісім" КММ-нің қызметкері Мейіржан Сайфуллаевтың шаңырақ көтеру тойы.
"Естімеген елде көп", еліміздегі Әнұранмен ашылған алғашқы той, Мейіржан мен Ақботаның салтанатты түрдегі неке қию рәсімі. Мейіржанның қызмет барысындағы патриоттық рухы отбасын құрған алғашқы күннен басталып отыр. Құтты шаңырақтың мемлекетшіл ұрпағы көп болсын! Көпшіліктің "Патриоттық рухты ту еткен Мейіржанға көтерген шаңырағы биік, керегесі кең, іші бақыт пен шаттыққа толы отбасы болуын тілейміз!" деген батасы қабыл болсын!", - дейді Ақмарал Молдиярқызы.
Желі қолданушылары да жастардың бұл шешіміне риза болған.
"Қандай күшті, бақытты болсын", "2000-жылдары әр той солай басталатын", "Мәссаған, керемет, ерекше екен", - дейді оқырмандар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!