Түркістан облысында полицияға қару өткізген тұрғындар өтемақы алды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Түркістан облысының тұрғындары полицияға 180 бірліктен астам тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырды. Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу аясында Түркістан облысында тұрғындардан тіркелмеген қаруды сатып алу бойынша акция өткізіліп жатыр.
Акция барысында облыстың 149 тұрғыны полиция органдарына тіркелмеген 181 қаруды, оның ішінде 160-тан астам тегіс ұңғылы қаруды өз еркімен тапсырды.
Қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсыру үшін оның техникалық жағдайына байланысты қарудың әрбір бірлігі үшін төлем қарастырылған. Осылайша, атыс қаруын өз еркімен тапсырған 80-нен астам азаматқа 8 млн теңгеден астам қаражат төленді.
Сонымен қатар тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Тәртіп сақшылары Түркістан облысының тұрғындарын акцияға түсіністікпен қарауға және белсенді қатысуға шақырады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!