Түркістанда спорттық дүкеннен киім ұрлаған үш күдікті қолға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Түркістан полиция басқармасының криминалды полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде ұрлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен үш жас жігітті қолға түсірді.
Күдіктілер киім дүкеніне әдейі сатып алушы кейпінде барған. Олар өздеріне ұнаған бірнеше спорттық киімдерді киіну бөлмесіне апарып, магниттерді шешіп тастаған. Содан кейін ол киімдерді күртелерінің астына тығып, дүкеннен шығып кеткен.
Қазір күдікті жігіттердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!