Түркістан облысында полицей ұсталды

Түркістан облысында полицей ұсталды
Фото: gov.kz

Түркістан облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы ҰҚКД-мен бірлесіп, құқыққа қайшы әрекеттер жасады деген күдікпен аудандық полиция бөлімінің қызметкерін ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңірдің Полиция департаменті Massaget.kz-ке берген жауабында күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.

"Бұл дерек бойынша болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция департаментінде тәртіптік комиссия отырысы өткізіліп, оның шешімімен қызметкер теріс себептермен ішкі істер органдарынан шығарылды. Сондай-ақ, басқа жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр", - деп жазылған жауапта.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget