Түркістан облысында қызметтік көлікпен қыздарды тасыған полицей видеоға түсіп қалған. Ол бұл әрекетінің себебін "әпкелерін тасыдым" деп түсіндірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түркістан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, видеоға қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр. Оқиға 11 қарашада сағат 22:00-де Кентауда болған. Видео танымал Telegram-арналардың бірінде жарияланған. Кадрларда полицей алдымен қызметтік көлікпен жасырынуға тырысқаны көрінеді. Сәтсіз әрекетінен кейін ол тоқтап, жеке куәлігін көрсетеді.
"Полицейдің айтуынша, ол өзінің әпкелерін өтініші бойынша алып кеткен. Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының тапсырмасы бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр", - деді полицейлер.
Қызметтік автокөлікті басқарған полицейге қатысты жол жүру ережелерін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 595-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!