- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Полиция
Түркістан облысында өзіне-өзі қол жұмсаған қыз құтқарылды
Түркістан облысында өзіне-өзі қол жұмсаған қыз құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Қазығұрт ауданында полиция қызметкерлері өзіне-өзі қол жұмсаған қызды құтқарды. 18:45 шамасында "Газалкент" каналына белгісіз адамның секіргені туралы хабар алған. Учаскелік полиция инспекторлары Сәбит Әлімбаев, Жалғасбек Ағабеков және Әбдіәкім Әбдірахым оқиға орнына небәрі 3 минутта жетті.
Қызға көмектесу үшін суға түскен тұрғынды шығарып алғаннан кейін полицейлер қызды да қауіпсіз аймаққа алып шықты. Алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдемді күтпей, қызметтік көлікпен ауруханаға жеткізді.
Дәрігерлердің айтуынша, дер кезінде көрсетілген көмектің арқасында оның жағдайы тұрақты. Қазір қыздың денсаулығы бірқалыпты. Бұл оқиға полиция қызметкерлерінің кәсібилігі мен шұғыл әрекетінің маңызды екенін кезекті рет дәлелдеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек