Түркістан облысында көлікпен өзенді кесіп өтпек болған үш адам ажал құша жаздады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Түркістан облысындағы Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының аумағында болған. Үш адам Хантағы өзенінен өтпек болған кезде көлік аударылып кеткен.
"21 наурыз күні кешке көліктің өзенде тұрып қалғаны туралы хабар келіп, оқиға орнына төрт құтқарушы жеткенде, көлік аударылып үлгергенін, ал жүргізуші мен жолаушылар арғы жағаға шығып кеткен. Қызметкерлер зардап шеккендерге көмектесіп, көлікті судан шығара алды", - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері.
Зардап шеккендер Кентауға жеткізілді, оларға медициналық көмек қажет емес болып шықты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!