Түркістан облысында құтқарушылар 31 наурыздан бері із-түзсіз жоғалған қыздың денесін тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы сәуірде Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
"2026 жылғы 4 сәуірде Түркістан облысы Сайрам ауданына қарасты Машат елді мекеніндегі Машат өзенінде жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 2024 жылы туған қыздың денесін тапты", — делінген хабарламада.
Іздеу жұмыстары бірнеше күн бойы жүргізілген. Алдын ала мәлімет бойынша, бір жас 8 айлық қыз бала өзенге құлап, оны ағыс алып кеткен. Оның денесі оқиға орнынан шамамен 7 шақырым төмен жерден табылған.
Баланың іздеу жұмыстары аяқталғанын еріктілер де растады.
Бұған дейін еріктілер жергілікті тұрғындарды іздеуге көмектесуге шақырған еді. Олардың айтуынша, небәрі 1 жас 8 айлық қызды өзен ағысы алып кеткен.
OTYRAR телеарнасының Telegram-арнасы таратқан мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға сейсенбіде кешке болған. Бала су жағасында ойнап жүрген кезде тайып кетіп, суға құлаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!