- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында өз...
Түркістан облысында өз күйеуін қылқындырып өлтірген әйел сотталды
Түркістан облысының қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өз күйеуін өлтірген әйелге қатысты қылмыстық істі қарады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"2024 жылғы 12 сәуірде сағат 21:00 шамасында Л. өз үйінде жұбайы О-ны үнемі спирттік ішімдік ішіп, жанұясының мазасын алып, әбден жүйкесінің күйзелгенінен, тыныш өмір сүруіне мүмкіндік бермегендіктен жұбайы үйге келген уақытта адам өлтіру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату ниеті пайда болған. Үйіне мас халде келген жәбірленуші О. баспалдақта отырғанын көріп, Л. жемпірінің белбеуімен жәбірленуші О-ның мойнына салып, екі жаққа қарай тартып қылқындырған. Соның салдарынан жәбірленуші О. оқиға орнында қайтыс болған", – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Сотталушының айтуынша, жұбайы кіші ұлын физикалық кемістігі үшін үнемі ұрып-соққан. Жұбайы мас күйінде үйге келген күндері анасы мен балалары жанжалдарды болдырмау үшін үйден туыстары мен көршілеріне кететіндерін айтып, мұны көршілер де растаған.
Сотталушы кінәсін ішінара мойындады.
"Сотталушының бұрын сотты болмағандығы жазаны жеңілдететін мән-жайларға жатқызылды, ал ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Осыны ескере отырып, сотталушы сегіз жылға бас бостандығынан айырылды", – делінген сот үкімінде.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан