- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында оқушылар...
Түркістан облысында оқушылар төбелесіп қалған
Түркістан облысының Полиция департаменті мектеп оқушыларының төбелесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сарыағаш ауданында бұзақылық жәйті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмағандардың жеке басы анықталды, олардың барлығы полицияға жеткізілді, тергеу жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.
Бүгінгі таңда жанжалдың шығу себептері анықталып жатыр. Жәбірленуші анасымен бірге тұрады, ата-анасы ажырасқан. Күдіктілер де сол ауылдың тұрғындары, 7 және 9-сынып оқушылары.
Жанжалға қатысы барлардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылатын болады.
Ал оқу орындары басшылығы мен ұстаздардың жауапкершілігі әкімдік жанындағы арнайы комиссия отырысында қаралады. Іс Департамент бастығының бақылауында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина