Түркістан облысында оқушылар сабақ үстінде карта ойнаған: мұғалім қызметінен кетті

Түркістан облысында оқушылар сабақ үстінде карта ойнаған: мұғалім қызметінен кетті
Фото: "Информбюро 31" арнасы

Түркістан облысында сабақ үстінде карта ойнаған оқушылар көпшіліктің қызу талқысына түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Информбюро 31" арнасына сілтеме жасап.

Арна мәліметінше, оқушылардың ата-аналарына ескерту берілген, ал шәкірттеріне еркіндік берген алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі өз еркімен жұмыстан кеткен. Қызметінен кеткен мұғалімнің білім саласындағы еңбек өтілі - 13 жыл.

Әлеуметтік желіде тараған оқиға Сарыағаш ауданындағы Мұқағали Мақатаев атындағы мектепте болған. 11-сынып оқушылары топтасып, картаның қызығына түскен.

"Бұл - білім беру жүйесіне қойылатын талаптарға қайшы келетін жағдай. Осыған байланысты жауапты тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріліп, қызметтік тексеріс жүргізіліп, кінәлі лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік және заңда көзделген өзге де шаралар қабылданады", - деді Түркістан облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі өкілі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget