- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында мемлекет...
Түркістан облысында мемлекет меншігіне мүлік қайтарылды
Түркістан облысында прокурорлар мемлекет меншігіне мүлікті қайтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана қаласы апелляциялық сот алқасының 25 шілдедегі қаулысымен Түркістан облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының мемлекеттік мүлікті өтеусіз беру туралы шартты жарамсыз деп тану туралы шағымы қанағаттандырылды.
Мәселен, "Қазсушар" Түркістан филиалы 2023 жылы 26 маусымдағы №1 шартпен ұзындығы 13,9 км, құны 13 млрд теңге болатын "Тәуелсіздікке 20 жыл" атындағы су жинау арнасын "СК Парасат" ЖШС-не өтеусіз берген.
Прокурорлардың араласуына аталған каналдан ағын су алатын Жетісай және Мақтаарал аудандары кәсіпкер-шаруа қожалықтарының құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы негіз болды.
Сонымен қатар, жаңа меншік иесі осы каналды дұрыс пайдаланбай, каналды тазарту жұмыстарын жүргізбеу салдарынан, бөгетті нығайтатын құм шығарылып, нәтижесінде оның беріктігіне нұқсан келген.
Осыған байланысты, прокуратураның қадағалау актісі негізінде мүлік тұтынушылардың құқықтарын қамтамасыз ету және дұрыс пайдалану үшін мемлекет меншігіне қайтарылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина