Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы мектептердің бірінің директоры мен оның туысы арасындағы төбелес әлеуметтік желіге тарап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Қазығұрт ауданындағы мектептердің бірінің директоры мен оның туысы арасындағы төбелес әлеуметтік желіге тарап кеткен. Видеодан ер адам жанжалдасып жатқан адамын ұрып жатқанын көруге болады, оны жанындағы өзге адамдар ажыратып алған.
Түркістан облысының білім басқармасы төбелестің екі жыл бұрын болғанын хабарлады. Видеоның неліктен Желіде енді тарап жатқанын басқарма түсіндірмеген. Тек мектеп директорының қатаң сөгіс алғанын хабарлады.
"Оқиға Түркістан облысының білім басқармасының бақылауында. Бұл видеоролик бойынша мектеп директоры түсініктеме берді. Оқиға 2021 жылы туысының үйінде болған. Бейнежазбадағы жағдайға келсек, ол ішімдік ішпегенін, ашуланғаны себепті әдепсіз сөздер айтқанын айтады. Директорға қатаң сөгіс жарияланды", - деп хабарлады Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз қызметі.
Ал полиция департаменті бұл дерек Түркістан облысы Қазығұрт ауданында 2 жыл болғанын хабарлады. Бұл жағдай бойынша полицияға ешкім арыз түсірмеген екен.
"Тексеру кезінде тәртіп сақшылары бұл факт отбасылық жанжал екенін анықтады. Яғни, видеодағы ер адамдар бір-біріне туыс. 2021 жылдың маусымында туыстары арасында отбасылық мереке өтті, онда түсініспеушілік болған. Кейіннен жанжалдасқан екі адам қайтадан татуласты", - деп хабарлады ведомство.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!