Түркістан облысында да мектеп бітіргеніне 10 жыл болған түлектер ауылдың кіреберісіне қақпа орнатты

Түркістан облысында да мектеп бітіргеніне 10 жыл болған түлектер ауылдың кіреберісіне қақпа орнатты
Фото: Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Өргебас ауылының Қасым Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінің 10 жыл бұрынғы түлектері ауылдың кіреберісіне арнайы қақпа орнатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Түлектер тарту еткен қақпада шаңырақ пен ою-өрнек бейнеленген. Сонымен қатар қақпа түнгі уақытта да жарқырап, ауылдың түнгі көрінісіне көрік қосып тұр.
 
Бүгінде ауылда 200-ден астам отбасы тұрады. Онда жаңа мектеп, балабақшалар, медициналық және полиция пункттер бой көтерген.

Одан бөлек, ауыз су және электр жүйелері жаңарып, барлық көшеге асфальт төселген. Сондай-ақ демеушілердің қолдауымен бірнеше әлеуметтік нысандар мен мешіт, аялдамалар ел игілігіне берілген.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданына қарасты Тұщықұдық ауылының 1977 жылы туған азаматтары мектеп бітіргенінен 30 жыл толуына орай ауылдың кіреберісіне қақпа орнатқанын жазған едік.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан