Түркістан облысында малшы иесінің жылқыларын сатып жіберген

Түркістан облысында малшы иесінің жылқыларын сатып жіберген
Фото: Tengrinews.kz

Түркістан облыстық Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, ауыл сыртында мал бағатын малшыға ірі қара малын сеніп тапсырған. Алайда сеніп тапсырған үш бас жылқысын жымқырып кеткен. Жәбірленушіге 2 миллион теңге шығын келтірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер аталған фактіні ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бойынша тіркеді. Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 44 жастағы ер адамды жеткізіп, одан жауап алды.
 
Күдікті ер адам жылқыларды 2 миллион теңгеге сатып, ақшаны жаратып жіберген.
 
Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан