Түркістан облысында лудоманияға қарсы форум өтті

Түркістан облысында лудоманияға қарсы форум өтті

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің "Қоғамдық даму және психологиялық көмек көрсету" бөлімінің 8 айда атқарылған жұмысы бойынша мәлімет.  

2024 жылғы қаңтар-тамыз айларында аудан, қала бойынша жастар арасында лудоманияның алдын алу мақсатында 162 психо-профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, 4 363 жас қамтылды.

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің бастамасымен Келес, Созақ, Мақтаарал, Сауран, Кентау қала, аудандарында лудомания деңгейін азайту және бос уақытты тиімді пайдалану мақсатында "Лудомания – қоғам дерті" атты облыстық форум өтті.

Форумға 600-ге жуық жастар мен 25 психологтар қатысты. Форумға Астана қаласы "Көмек" оңалту орталығының психологі, 14 жылдық тәжірибесі бар психолог-психотерапевт Серікгүл Сали қатысты. Ордабасы ауданында "Лудомания – қоғам дерті" атты семинар-тренинг өтті. Қоғам дертіне айналған осы індет туралы шара еркін форматта өтіп, өңірдегі жасөспірімдер, студенттер және психолог мамандар қатысты. 100-ге жуық жас қамтылды.

Сонымен қатар Отырар, Арыс, Ордабасы "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен қазіргі заманауи әдістер мен тиімді техникаларды қолдану арқылы тәжірибе алмасу және жұмыстарды жүйелендіру мақсатында "Келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу және лудомания" тақырыбында аудан, қала "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің психологтарының тәжірибе алмасу семинары өтті. Іс-шараға 150-ге жуық жас қатысты.

Жастар арасында нашақорлықтың, лудоманияның алдын алу жастарға адамгершілік, құқықтық тәрбие беру, саламатты өмір салтына тәрбиелеу  мақсатында "Құмар ойынға құмартпа!", "Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам" және  "Жастар – ізгі қоғам айнасы" атты семинар-тренингтер өтті. Семинарға 150 студент қатысты.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұсынған материал

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина