Түркістан облысында лицей-интернаттың жатақханасы өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Отырар ауданындағы лицей-интернаттардың бірінде жатақхананың шатыры өртенген. Өрт аумағы - 561 шаршы метр.
Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Оқиға кезінде жатақханада бір ғана күзетші болған. Құтқарушылардың айтуынша, өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт толығымен сөндірілді.
Еске салайық, 27 шілдеде Шымкенттегі индустриялық аймақта күкірт өртенген болатын. Өрт мың шаршы метрден астам аумақты шарпыған. Олар өртті бір тәулікке жуық сөндірді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!