Түркістан облысында күзетшіден 2,4 мыңнан астам “Трамадол“ таблеткасы тәркіленді

Түркістан облысының полициясы трамадол дәрісін тасымалдаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ордабасы ауданында полиция қызметкерлері Арыс ауданы тұрғыны айдап бара жатқан Toyota Camry автокөлігін тоқтатты. Тінту кезінде жедел уәкілдер автомобиль салонынан 120 трамадол  таблеткасы бар 4 полиэтилен пакетін тәркіледі.

Сонымен қатар күдіктінің тұрғылықты жерінен психотроптық зат таблеткалары бар тағы бір пакет табылды. Алынған препараттың жалпы саны – 2 416.

Белгілі болғандай, Арыс ауданындағы медицина мекемелерінің бірінде күзетші болып жұмыс істеп, дәрігер беретін рецепт бланкілерін пайдаланып, "Трамадолды" сатып алу үшін Шымкентке барған. Одан заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, барлық мән-жай анықталып жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!