Түркістан облысында құны 128 миллион теңге болатын мал ұрланған

Түркістан облысында құны 128 миллион теңге болатын мал ұрланған
Фото: depositphotos.com

Түркістан облысында құны 128 миллион теңге болатын ұрланған мал иелеріне қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шаралары барысында 15 қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Мал ұрлығының 50 дерегіне қатысы бар 35 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Ұрланған малдың 567 басы заңды иелеріне қайтарылды, оның ішінде 78-і жылқы, 107-сі ірі қара мал болса, 380-нен астамы - ұсақ мал.

"Полиция ветеринарлық қызметпен бірлесіп, ұрланған мал мен ет өнімдерін тасымалдаудың ықтимал аймақтарына блок-бекеттер орнатты. Жайылымдар мен сауда нүктелері, базарлар, мал сою пункттері, мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын автокөліктер тексерілді. Ветеринарлық нормалардың сақталуын растайтын құжаттарға бақылау жүргізілді. Осы бағыттағы жұмыс нәтижесінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзудың 5781 дерегі анықталды", - деп жазылған ІІМ хабарламасында.

Ветеринарлық саласында заңды бұзғаны үшін 930-дан аса адам жауапқа тартылды. Оларға қатысты 76 миллион теңгеден аса әкімшілік айыппұл салынды.

Айта кетейік, бұл шаралар мал ұрлығының алдын алуға бағытталған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова