- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында көршісінің...
Түркістан облысында көршісінің қызын зорлады деген күдікті қамауға алынды
Түркістан облысының полицейлері зорлау қылмысы бойынша күдікті ер азаматты қамауға алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін Жетісай ауданының полиция бөліміне тұрғын шағымданып, өзінің кәмелет жасына толмаған қызына көршісі зорлық-зомбылық көрсетті деп арызданған.
Аталған жайт бойынша оқиға орнында жедел тергеу тобы барлық жедел шараларды атқарды. Сонымен қатар бірқатар сот-сараптамалары тағайындалды.
Бүгінгі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан