- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында көрші...
Түркістан облысында көрші үйдің дәретханасынан өлі табылған бүлдіршін жерленді
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында із-түзсіз жоғалған үш жасар бүлдіршіннің денесі табылды. 16 мамыр күні жоғалған қыздың мәйітін көрші үйдің дәретханасынан тапқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Құзырлы орган өкілдері қыздың денесінен ешқандай жарақат анықталмағанын, зорлық-зомбылық белгілері болмағанын айтады. 19 мамыр күні бүлдіршіннің денесі жер қойнына тапсырылды.
Оның денесі көрші үйдің дәретханасынан табылды. 16 мамыр күні Сарыағаш ауданы Сіргелі ауылында үш жастағы Асылым Лес жоғалды деген хабар тараған еді. Анасының айтуынша, таңертең үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай қыз, бірден көзден таса болған.
Іздеу барысында аулалар, жақын маңдағы аумақтар, қараусыз қалған ғимараттар, канал жағалаулары және қыз бара алатын басқа да бағыттар жан-жақты тексерілді. Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, жоғалған кішкентай қыздың зорлық-зомбылықпен өлім белгілері жоқ. 2021 жылы туылған қыздың денесінен қандай да бір жарақаттар анықталмаған. 19 мамыр күні үш жасар бүлдіршіннің жақындары оның денесін жер қойнына тапсырып, жаназасын оқыды.
"Түркістан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы мен Сарыағаш аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, жоғалған кішкентай қыздың зорлық-зомбылықпен өлім белгілері жоқ денесі көрші үйдің дәретханасынан табылды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Қыздың денесінен қандай да бір жарақаттар анықталмаған. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр", - деді Сарыағаш АПБ тергеушісі Нұрғали Абсен.
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан