Түркістан облысында көлігіне жарық сигналдарын орнатқан жүргізуші жазаланды

Түркістан облысында көлігіне жарық сигналдарын орнатқан жүргізуші жазаланды
Фото: видеодан алынған кадр

Түркістан облысында көлігіне рұқсат етілмеген қызыл-көк түсті жарық сигналдарын орнатқан жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Telegram-дағы парақшалардың бірінде Mercedes автокөлігіне рұқсат етілмейтін қызыл-көк түсті жарық сигналдарын орнатып, мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз трассада емін-еркін жүрген бейнежазба анықталды.

Оқиға Төлеби ауданындағы Қасқасу ауылының тас жолында болғаны анықталды. Көлік иесі - Шымкент тұрғыны, жас жігіт.

Жас жігітке ҚР Әкімшілік құқық бұзушлық туралы кодексінің 590-бабының 2-бөлігі және 603-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айыптұраққа қойылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан