- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында киікті...
Түркістан облысында киікті заңсыз атқандар ұсталды
Түркістан облысында киік аулаған аңшылар аумақтық инспекция мамандары өткізген рейд барысында қолға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.
Рейд барысында екі тұрғынның дала жануарының мүйізін сатпақ болғаны анықталды. Сондай-ақ, заңсыз сатып алынған қару-жарақ та табылған. Күдіктілер кінәсін толық мойындаған. Оларға 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Нақты шешімді сот шығарады.
Мамандардың болжамынша, табиғатқа келтірілген шығын көлемі шамамен 35 млн теңгені құрайды.
"190-бұйрыққа сәйкес ақбөкен аңын қазіргі таңда аулауға тыйым салынған. Мараторий жарияланған. Сондықтан, бұл азаматтардың іс-қимылы заңсыз және бұл бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде". - деді орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Бақыт Мұсалиев.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы