Түркістан облысында Келес өзеніне абайсызда ағып кеткен 8 жастағы баланы іздеу жұмыстары тоқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді. Баланы іздеуге бір айдан аса уақыт жұмсалған. Іздеуге арнайы құтқарушылар келгенімен, нәтиже болмаған.
Ресми мәлімет бойынша мамандар көрсетілген аумақты толық сүзіп шыққан. Жұмыс тәулік бойы жүргізілген. Әрбір аумақ мұқият тексерілген.
Айта кетейік, Түркістан облысында жыл басынан бері 8 бала суға кеткен.
Еске салайық, Абай ауылының 2-сынып оқушысы ойнап жүріп арыққа аяқ киімін түсіріп алып, соңынан түскен. Алайда тайып құлап, оны ағыс алып кеткен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова