Түркістан облысында Келес өзеніне ағып кеткен 8 жастағы бала табылмай жатыр

Түркістан облысында Келес өзеніне ағып кеткен 8 жастағы бала табылмай жатыр. Іздеуге құтқарушылар, еріктілер, тіпті дрондар жұмылдырылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

Келес өзеніне абайсызда құлап кеткен баланы құтқарушылар 8 күннен бері іздеп жатыр.  Басылым мәліметінше, Абай ауылының 2-сынып оқушысы ойнап жүріп арыққа аяқ киімін түсіріп алып, соңынан түскен. Алайда тайып құлап, оны ағыс алып кеткен.

"Арнайы штаб құрылды, штаб құрамында құтқарушылар, полицейлер бар. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр", - деді Түркістан облысы ТЖД басшысы Дүйсен Оразгелді.

Ресми мәліметке қарағанда, іздеуге сүңгуірлер де тартылған. Олардың көмегімен өзен бетімен қоса, су асты да қаралып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында із-түссіз жоғалған 16 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатқаны хабарланды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!