Түркістан облысындағы "Қазығұрт" кеден бекетінің лауазымды тұлғалары жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу жұмыстарын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментіндегілер жүргізіп жатыр.
Ведомство мәліметінше, олар жүк көліктерін кеден бекеті арқылы кедергісіз өткізу үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан 50-ден 200 мың теңгеге дейін пара алу деген күдікке ілініп отыр. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!