- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында қаз-үйрек...
Түркістан облысында қаз-үйрек атуға барған мұғалімнің жоғалғанына 4 күн болды
Түркістан облысында мұғалім қаз-үйрек атуға барып, жоғалып кетті. 38 жастағы Нұрлан Аймаханбетов 4 күннен бері табылмай жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
КТК телеарнасы мәліметінше, оқиға Бәйдібек ауданында болған. Арыстанды өзеніне қаз, үйрек атуға барған екі тұрғынның бірі 24 ақпанда жоғалған. Қасына еріп барған серігі оның қалың қамыс арасына кіріп, содан шықпай қалғанын айтқан.
Содан бері аудан мен облыс құтқарушылары, полицейлер мен тұрғындарын есептегенде 100 шақты адам күндіз-түні іздестіріп жатыр. Тіпті дронмен көктен шолып шыққан. Құтқарушылардың сөзінше, іздестіруге табиғи кедергілер кесірін тигізіп отыр.
"Біріншіден, бұл жағалауларда, өзен-көлдің ішкі жағында жыңғыл ағаш пен бұта көп. Адамның жүріп-тұруын лайлы балшық қиындатып жатыр. Осыған қарамастан, әрбір су қойманың жағалауын, мүмкін деген ықтимал учаскелерді, әрбір метрі, әрбір қадамы тиянақты зерттеліп жатыр", - деді Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан