- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында қатты...
Түркістан облысында қатты ыстықтан жол көтеріліп кеткен
Фото:
ҚазАвтоЖол
Түркістан облысында қатты ыстықтан жол жабынына зақым келген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"ҚавАвтожол" компаниясы мәліметінше, 27 маусымда Түркістан облысында қатты ыстыққа (+45 +50 градус) байланысты сағат 19:30 шамасында республикалық маңызы бар М-32 РФ шекарасы (Самараға) - Шымкент тасжолының 2155-шақырымындағы цементбетон жабынының плитасы көтеріліп кеткен.
"Қазіргі таңда мамандар ақауды жою және жол жабының қалыпқа келтіру бойынша жұмыстарды атқарып жатыр", - деп жазылған мәліметте.
Бұл жұмысқа 4 техника мен 10 жол жұмысшы жұмылдырылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова