- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сот үкімі
Түркістан облысында кәсіпорын басшысы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды
Түркістан облысында ветеринарлық басқармасының Ветеринарлық қызмет ШЖҚ МКК басшысы сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түркістан қалалық сотының үкімімен облыстық ветеринарлық басқармасының Ветеринарлық қызмет ШЖҚ МКК басшысы Б.Бегманов сотталды.
Ол аудандық ветеринарлық қызметтердің 115 қызметкеріне сыйақы ретінде төленген жалпы сомасы 5,5 млн теңгені жинау арқылы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен Б.Бегмановқа 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина