Әлеуметтік желіде "Түркістан облысында қария немересін зорлады деген күдікке ілінгені" туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәліметке сүйенсек, жәбірленуші 8 жаста. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, Отырар ауданы тұрғынының арызына сәйкес соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
"Алғашқы тергеу нәтижесінде заңсыз әрекет анықталмады, дене жарақаттары табылған жоқ. Сонымен қатар, барлық мән-жайды анықтауға бағытталған іс-шаралар жалғасып жатыр. Қосымша сараптамалар тағайындалды", - деді полиция.
Тергеу нәтижесінде процестік шешім қабылданатыны айтылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз