Түркістан облысында қар барысы видеоға түсіп қалды

Сайрам-Өгем ұлттық паркі аумағындағы фототұзақтарға қар барысы түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фототұзақтар арқылы алынған ерекше видео осынау сирек кездесетін жануардың ұлттық парк аумағында бар екенін растайды.

"Сайрам-Өгем ұлттық паркінде қар барысының болуы жабайы табиғатты сақтауға қолайлы жағдайлар бар екенін және парк қызметкерлері жүргізіп жатқан табиғатты қорғау шараларының жоғары тиімділігін дәлелдейді", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қызыл кітаптағы қарақұйрықтар видеоға түсіп қалғаны хабарланды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!