- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында кәмелетке...
Түркістан облысында кәмелетке толмаған ұл баланы зорлаған ер адам ұсталды
Түркістан облысында тағы бір жантүршігерлік жағдай болды. Сарыағаш ауданының тұрғыны кәмелет жасына толмаған ер балаға зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікке ілінді. Бұл туралы құқық қорғаушыларға баланың анасы хабарлап, арызданған. Ал аудандық білім бөлімі жәбірленушінің оқушы екенін растап отыр, - деп хабарлайды Оtyrar.kz.
"Бұл жағдайға байланысты Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі анықтау жұмыстарына бірден кірісті. Оқушы Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде оқитыны белгілі болды. Оның сабаққа бару кестесі 09:00-14:00-ге дейін. Оқиға мектептен тыс уақытта орын алған. Мектеп қабырғасында немесе сабақ уақытысында болмаған. Қазір мамандар жергілікті полиция бөлімімен бірлесе жұмыс атқаруда.Қазіргі таңда жәбірленуші өзінің тұрғылықты мекен жайында, психологиялық ахуалы тұрақты және мектеп психологтарының бақылауында", - деп көрсетті Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі.
Кәмелетке толмаған баланың анасы Сарыағаш АПБ-ға 12 қыркүйекте арызданған. Оқиға орнына Сарыағаш АПБ-нің басшылығы, жедел-тергеу тобы, сондай-ақ прокуратура өкілдері барған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 121-бабы "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша тіркелді.
"Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полицейлер, күдіктінің жеке басын анықтап, күдіктіні ұстады. Ол Сарыағаш АПБ УҰИ-ға қамауға алынды. Қазіргі уақытта соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды", - деп хабарлады Түркістан облысы полиция басқармасы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова